<?xml version="1.0" encoding="UTF-8"?><song><hymn_number>117</hymn_number>
<lyrics>[V1]
 Исаны түсінбедік бәріміз де,
 Күнәға үйреніпті тәніміз де.
 Құтқарып қалады деп әр нәрсеге,
 Сиынып табындық қой бәріміз де.

[C1]
   // Ой, адамдар, адамдар,
   Жүректеріңе қараңдар,
   Иса келіп қалар, сенгендерді алар.
   Сол уақытта өте кеш болар. //

[V2]
 Көздеріңді ашыңдар, бауырларым,
 Күнәға толыпты тамырларың.
 Қан емес күнә жүр-ау тамырыңда,
 Иманнан адамзат сен айрылдың ба?

[V3]
 Ләззатты таппақсың ба арақпенен,
 Шайтанға беріліп бар болмысыңмен.
 Аспандағы орынды жұмақ деген,
 Исаның көмегімен табарсың сен.

[V4]
 Өміріңді арнашы Оған сеніп,
 Жүректерді ашыңдар, шын сеніңдер.
 Сеніп тәубе қылсаңдар ей, адамзат!
 Мәңгі өмір сүресің Тәңірменен.</lyrics>
<title>Исаны түсінбедік бәріміз де РӘЖ117</title>
</song>